Accessibility links

Қазақстанда азаматтықтан айыру туралы заң қабылданды


Қазақстан Республикасы азаматы паспортының мұқабасы (Көрнекі сурет).
Қазақстан Республикасы азаматы паспортының мұқабасы (Көрнекі сурет).

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев "террорлық қылмыс" жасаған адамды азаматтықтан айыру туралы заңға қол қойды деп хабарлады президенттің баспасөз қызметі. Даулы заң жобасын мамырда парламент мәжілісі, маусымда сенат мақұлдаған.

Заң бойынша, қылмыстық кодекске елдің "өмірлік маңызы бар мүдделеріне ауыр зиян келтіру" және "аса ауыр террористік қылмыстар жасауға" қатысты азаматтықтан айыру түріндегі қосымша жаза тағайындалады. Азаматтықтан айыру жазасы тағайындалатын қылмыстар санатында терроризм актісі, террористік топ құру, оған басшылық ету және оның әрекетіне қатысу, жалдамалылық, Қазақстан президентінің өміріне қол сұғушылық, адамды кепілге алу, геноцид, экоцид, сепаратистік әрекет, экстремистік топ құру және оған басшылық ету, билікті басып алуға, конституциялық құрылымды күштеп өзгертуге шақыру, мемлекетке опасыздық жасау сияқты қылмыстар бар.

Заңды сынайтындар оның талаптары оппозициялық саясаткерлерге, оның ішінде шетелге кетіп қалған саясаткерлерге қарсы қолданылуы мүмкін дейді. Олардың пікірінше, "өмірлік маңызы бар мүдделер" ұғымының мағынасы кең.

Бұған дейін үкіметте заң жобасын таныстырған әділет министрі Марат Бекетаев заңға енгізілетін өзгерістер "саяси құралға айналмайтынын", "саясаттың қатысы жоғын" айтқан.

XS
SM
MD
LG