Accessibility links

Ыстықкөл жанындағы жол апатында бір адам қаза тауып, 16 адам жараланды


Қырғызстандағы жол апаты болып, қоршауға алынған жол бөлігі (Көрнекі сурет).
Қырғызстандағы жол апаты болып, қоршауға алынған жол бөлігі (Көрнекі сурет).

Қырғызстанда Ыстықкөл көліне жақын жолда көлік апаты болып, бір адам қаза тапты, 16 адам жараланды деп хабарлады жергілікті билік. Сейсенбіде Балыкчи - Қарақол жолының 101-километрінде жеңіл көлік минивэнмен соқтығысқан.

Қырғызстан денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, 13 адам ауруханаға жеткізілген, олардың екеуі ауыр халде жансақтау бөліміне жатқызылған.

Соңғы бірнеше күнде осымен екінші ірі жол апаты болып отыр. Бірер күн бұрын Ыстықкөл облыс Тонский ауданының Оттук ауылында жол апатынан төрт адам қаза тауып, бес адам жараланып ауруханаға түскен. Өткен аптаның демалыс күндері Бішкек - Тоқмақ жолында көлік жол жиегіне соқтығып, үш адам оқиға орнында қаза тауып, бір адам жарақаттанған.

XS
SM
MD
LG