Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон тәжік азаматтарын сақал қоймауға және хиджаб тақпауға шақырды.
11 шілдеде сөйлеген Рахмон Тәжікстанда діни ғұрыптар мен дәстүрді ұстануды реттейтін заңның қабылданғанына он жыл болғанын айтып, заңды мақтады.
Рахмон хиджаб пен қара түсті киім киім кию тәжікстандықтардың дәстүріне қайшы екенін айтып, сақалдың діншілдіктің белгісі емесін білдірді. Ол тәжіктерді "Құдайды жүрегімен жақсы көруге" шақырып, экстремистік атрибуттарымен өздерінің "дұрыстығын дәлелдеп бағуға" тырыспау керегін айтты.
Рахмонның сөзінше, азаматтар "тәжіктің шынайы мәдениетін" сақтап, "интернетте насихатталатын бөтен мәдениет пен дәстүрге" қарсы тұруы тиіс.
Рахмон билігі бұған дейін 8,5 миллион халық тұратын Тәжікстанда зайырлылық принциптерін нығайтуға бұрыннан шақырып келеді.
Халқының басым көпшілігі мұсылман Тәжікстанда мектепте қыздардың орамал тағуына, кәмелетке толмағандардың мешітке баруына тыйым салынған. Сонымен қатар соңғы жылдарда тәжік билігі мұсылман елдеріндегі діни оқу орындарында оқып жүрген мыңдаған жасты күштеп елге қайтарып алған. Бұған аталған елдерде діни білім алып жүрген көптеген тәжік жастары Сирия мен Ирактағы содырларға қосылып жатқаны туралы ақпараттар себеп болған.