Accessibility links

ЕО Украинамен ассоциация туралы келісімді бекітті


Еуропа Одағы мен Украинаның тулары (Көрнекі сурет).
Еуропа Одағы мен Украинаның тулары (Көрнекі сурет).

Еуропа Одағы (ЕО) Украина мен ЕО арасындағы ассоциация туралы келісімді бекітті. Өткен айдың соңында мақұлданған құжат осымен түпкілікті қабылданды. Құжат енді 1 қыркүйектен бастап күшіне енбек.

Ассоциация туралы құжат Украина мен ЕО-ның экономикалық және саяси тұрғыдан жақындасу тәртібін реттейді. Құжатта жалпы принциптер, саяси диалог пен реформалар, сыртқы саясат пен қауіпсіздік саласындағы жақындасу, сауда және экономикалық ынтымақтастық орнату жайы қамтылған.

Келісімнің сауда-саттыққа қатысты бөлігі 2016 жылы 1 қаңтардан бері уақытша жұмыс істеп тұр. Өткен айда Украина азаматтары үшін ЕО-ға визасыз сапарлау режимі күшіне енген.

12-13 шілдеде Киевте ЕО - Украина саммиті өтеді.

2013 жылы Украинаның сол кездегі президенті Виктор Янукович ЕО-мен ассоциация туралы келісімге қол қоюдан бас тартып, ол Киевте жаппай қарсылық акцияларына себеп болған. 2014 жылдың ақпанында халық толқуларының әсерінен Янукович елден қашып кеткен. Украинада билік ауысқан соң Ресей Қырымды аннексиялап, алып, Донбаста ресейшіл сепаратистер мен үкімет әскері арасында соғыс басталған. Киев соғыс Кремльдің басқыншылық саясатынан тұтанды деп біледі.

XS
SM
MD
LG