Accessibility links

2024 және 2028 жылғы жазғы Олимпиаданы өткізуге үміткер қалалар анықталды


Жазғы Олимпиада ойындарының символы (Көрнекі сурет).
Жазғы Олимпиада ойындарының символы (Көрнекі сурет).

2024 және 2028 жылдары жазғы Олимпиада ойындары Париж бен Лос-Анджелес қалаларында өтуі мүмкін. Халықаралық олимпиада комитеті сейсенбі, 11 шілдеде Лозаннада 2024 және 2028 жылдардағы Олимпиада ойындарын өткізуге үміткер ретінде аталған қалаларды таңдады.

2024 жылғы Олимпиада ойындарын өткізуге Гамбург, Будапешт, Рим, Париж және Лос-Анджелес таласқан, бірақ соңғы екі қаланың өтініші ғана қабылданды. Комитет 2024 жылғы ойындарды өткізу құқығына ие бола алмаған қалаға 2028 жылғы олимпиаданы өткізуді ұсынатыны туралы екі қаламен үш жақты келісім жасасатынын айтты.

Егер келісім жасалмаса, онда қыркүйектің 13-інде Перу астанасы Лима қаласында өтетін ХОК-тің кезекті сессиясында 2024 жылғы ойындарды өткізетін қалаға ғана дауыс берілмек.

Париж 2024 жылғы ойындарды өткізуден басты үміткер саналады.

Париж соңғы мәрте Олимпиада ойындарын 1924 жылы, ал Лос-Анжелес 1984 жылы өткізген.

Келесі Олимпиада ойындары 2020 жылы Токиода өтеді. Бұған дейінгі Олимпиада 2016 жылы Рио-де-Жанейрода өтті.

XS
SM
MD
LG