Accessibility links

Украинада ұсталған ресейлік шекарашылар қамалды


Украинаның Ресеймен шекарасын күзетіп жүрген шекарашылар (Көрнекі сурет)

Украинаның Херсон облысында 30 маусымда ұсталған Ресей федералдық қауіпсіздік қызметінің (немесе ФСБ) шекарашылары Аскар Кулуб пен Владимир Кузнецов қамауға алынды. Украина қауіпсіздік қызметінің хабарлауынша, олар Украинаның территориялық тұтастығына қол сұқты деген күдікке ілінген.

30 маусымда Украина мемлекеттік шекара қызметінің басшысы Виктор Назаренко "жаттығу кезінде шекара бұзушының рөлін ойнап, бірақ адасып кеткен" ресейлік екі шекарашының ұсталғанын хабарлаған.

Украина билігі бұған дейін де ел аумағына "кездейсоқ еніп кеттік" деген бірнеше ресейлік азаматты ұстаған.

Киев пен Батыс елдері Ресейді Донбастағы сепаратистерді қару-жарақ және әскермен қамтамасыз етіп отыр деп айыптайды. Мәскеу қақтығысқа қатысы жоғын айтады.

Пікіріңіз

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG