Accessibility links

Белградта Сребреница қырғыны құрбандарын еске алды


Белградтың орталығындағы паркте Сребреница қырғыны құрбандарын еске алу үшін жағылған шамдар. Сербия, 11 шілде 2017 жыл.
Белградтың орталығындағы паркте Сребреница қырғыны құрбандарын еске алу үшін жағылған шамдар. Сербия, 11 шілде 2017 жыл.

Белградта ондаған сербиялық пен македониялық жиналып, 22 жыл бұрын Сребреницадағы жаппай қырғынның құрбандарын еске алды. "Адам құқықтарын жөніндегі жастар бастамасы" ұйымының өкілдері еске алу кезінде Белградтағы Сербия президенті резиденциясына жақын паркте шам жақты. Ұйым өкілдері Сербияда бұл қасіретті оқиға ресми түрде еленбейтіндіктен оған биліктің назарын аударғысы келгенін айтады.

Акцияға қатысқан "Біз Сребреницадағы геноцидті ешқашан ұмытпаймыз" деген жазуы бар баннерлер мен қырғында құрбан болғандар санын білдіретін 8372 саны жазылған плакаттар ұстап шықты. Еске алу акциясын полиция бақылап тұрды.

Акция кезінде оңшыл ұйымдардың мүшелері де жиналып, қырғынды еске алуға кедергі жасамақ болды. Оңшыл ұйымдар өкілдері оларға ішіне су толтырылған медициналық қолғаптар лақтырып, Сребреница қырғынын ұйымдастырды деп айыпталған генерал Ратко Младичтің атын айтып ұрандады.

Акцияны ұйымдастырушылар жастар қырғын құрбандарының ұмыт қалмауын ғана тілейтінін айтып, арандатушыларға қатысты комментарий бермеді.

Сонымен қатар Скопьенің ескі бөлігінде ондаған адам "Сребреница, әлемнің ар-ұжданы" деп жазылған баннерлер ұстап шығып, шерулетіп жүрді. Бұл еске алуды Македониядағы Босния мәдени орталығы ұйымдастырған.

1995 жылы шілденің 11-і күні, Босниядағы үш айлық соғыстың соңына қарай, генерал Ратко Младич басқарған босниялық сербтер армиясы Боснияның шығысындағы БҰҰ «қауіпсіздік аймағы» деп жариялаған Сребреница анклавынан БҰҰ бітімгершілік күші ретінде тұрған голландиялық жасақты ығыстырып шығарған соң жастары 13-77 аралығындағы мыңдаған қарусыз босниялық мұсылманды қырып тастаған.

XS
SM
MD
LG