АҚШ әкімшілігі Касперский лабораториясы" компаниясын америкалық мемлекеттік құрылымдарға компьютерлік бағдарламалар сатып алуға рұқсат етілген компнаиялар тізімінен шығарды деп хабарлады Reuters агенттігі.
Мұндай шешім "Ресей арнайы қызметі "Касперский лабораториясын" АҚШ үкіметінің компьютерлік жүйелері мен желілеріне кіру үшін қолдануы мүмкін" деген қауіптен қабылданған.
Бірақ жаңа шектеу "Касперский лабораториясы" өнімдерін АҚШ үкіметтің құрылымдарының пайдалануына үзілді-кесілді тыйым салмайды. Шектеудің ортақ қызмет әкімшілігі жасалған сатып алуға ғана қатысы бар.
Кеше Bloomberg агенттігі Евгений Касперскийге сілтеме жасап, компнаия басшылығына "Касперский лабораториясы" Ресей Федералдық қауіпсіздік қызметі үшін арнайы технология жасап, оның мәліметтерін хакерлерге берген деп хабарлаған.
Bloomberg арнайы технология хакерлік шабуылдан қорғанып қана қоймай, киберқылмыскерлердің қайда тұрғанын да анықтай алатын бағдарлама жөнінде екенін жазады. "Касперский лабораториясы" ресми жауабында компанияға ФСБ-дан DDos шабуылдарынан қорғану жобаларын құру туралы ресми ұсыныс түспегені айтылады. "Компанияда бір де бір мемлекет, оның ішінде Ресей үкіметімен этикаға қайшы байланысы я саяси мүдде жоқ" делінген мәлімдемеде.