Accessibility links

Ақтөбе облысында коммуналдық меншіктегі тоғыз кәсіпорын сатылмақ


Гүлқасима Сүйінтаева, Ақтөбе облыстық қаржы басқармасының бастығы.
Гүлқасима Сүйінтаева, Ақтөбе облыстық қаржы басқармасының бастығы.

Ақтөбе облысында коммуналдық меншіктегі тоғыз кәсіпорын саудаға шығарылған. Олардың санатында "Ақтөбе" футбол клубы мен Ақтөбедегі орталық стадион да бар. Бұл туралы сәрсенбіде облыстық әкімдікте өткен баспасөз мәслихатында Ақтөбе облыстық қаржы басқармасының басшысы Гүлқасима Сүйінтаева айтты.

Қаржы басқармасының мәліметінше, футбол клубы мен орталық стадионның нақты сомасы әзір белгісіз. Өйткені, бұл екі нысанды жекенің қолына 2018 жылы өткізу жоспарланып отыр. 2017 жылғы сату кестесіне енгізілген алты нысанның төртеуін қазір мамандар бағалап жатыр.

- Үш рет сауда жүргізгеннен кейін сатып алушылар болмаған жағдайда нысан таратылады. Былтыр "Тазалық" кәсіпорнын сатып алушы табылмағаннан кейін таратылды. Ал "Ақтөбе таза қала" серіктестігін мамандар 343 миллион теңгеге бағалаған болатын. Кәсіпорын 355 миллион теңгеге сатылды. Кәсіпорынның жаңа қожайыны алғашқы бір жылда мүлікті сенімгерлікпен басқарады, - дейді Гүлқасима Сүйінтаева.

XS
SM
MD
LG