Accessibility links

Петропавлда жүздеген православ крест шеруін өткізді


Петропавлдағы православ әулиелері Петр және Павелді еске алуға арналған "Крест шеруі". Петропавл, 12 шілде 2017 жыл.

Петропавл қаласында христиан әулиелері Петр мен Павелді еске алу күніне орай "Крест шеруі" өтті. Шеруге қатысушы православтар әулилердің соборынан бастап қала көшелерін жүріп өтті. Жыл сайын өтетін крест шеруіне казактар да қатысты. Олар Петр мен Павелдің православтар үшін ұлы әулие екендерін айтады.

- Олар христиан әулиелері. Біз оларды құрметтейміз, еске аламыз.
Петр мен Павел православтар үшін өте қадірлі, - дейді Сібір казактары бауырластығы қоғамдық бірлестігінің атаманы Виктор Таранов.

Православтар Николай Погодин атындағы орыс драма театрының алдына жиналды. Тарихи деректерге сәйкес, өткен ғасырда бұл жерде шіркеу болған. "Крест шеруіне" қатысушылар жылдағы дәстүрмен көшелерді жүріп өтіп, қаланы сумен аластап шықты.

Христиан әулиелері Петр мен Павел күніне арналған меркелік шара әулиелер ғибадатханасының алдында аяқталды. "Крест шеруіне" барлығы екі мың адам қатысты, оның 70-і - казактар.

Пікіріңіз

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG