Accessibility links

Кіші Трамп: Весельницкаямен кездесу пайдалы болмады


АҚШ президенті Дональ Трамптың ұлы, кіші Дональд Трамп.
АҚШ президенті Дональ Трамптың ұлы, кіші Дональд Трамп.

АҚШ президенті Дональд Трамптың ұлы - кіші Дональд Трамп 2016 жылы маусымда ресейлік адвокат Наталья Весельницкаямен кездесуінен әкесінің президент сайлауы кампаниясы үшін пайдалы ешнәрсе шықпағанын және ол кездесу туралы әкесіне ешқашан айтпағанын мәлімдеді.

11 шілде күні кешке Fox News телеарнасына берген сұхбатында Трамптың үлкен ұлы Весельницкаямен кездесу өз әкесіне Ресей үкіметінің көмек көрсету болып саналуы мүмкін деп хабарлаған соң жолыққанын айтты. Бірақ ол өз іс-қимылын сайлауға ықпал ету немесе әкесінің қарсыласы Хиллари Клинтонға зиян келтіру мақсатында үйлестіріп отыруға тырыспағанын айтты.

Конгрестің кейбір мүшелері Весельницкаямен кездесудің өзі Ресеймен "астыртын сөз байласуға" дәлел бола алатынын мәлімдеді. Демократ сенатор Рон Виден кіші Трамптың ресейлік заңгермен кездескені туралы электрондық хат оның "америкалық демократияға нұқсан келтіру үшін шетелдік жау державамен астыртын сөз байласуға әрекеттенгенін" айғақтайды дейді. Президент Трамп бұл айыптауды "күлкілі" және "жасанды" деп атады. Трамптың ұлы әкесіне Весельницкаямен кездескені туралы хабарламағанын, себебі "айтатын ешнәрсе болмағанын" мәлімдеді.

"Ол 20 минут босқа кеткен кездесу болды. Мен үшін бұл оппозицияны зерттеу болды" зерттеу болды" деді кіші Трамп кездесуде Клинтонға қарсы "нақты айғақтар болуы мүмкіндігінен" үміттенгенін айтты. "Өткен шақты сараласам, бәлкім барлығын басқаша жасаған болар едім" деді кіші Дональд Трамп.

XS
SM
MD
LG