Accessibility links

"Ішімдік ішіп көлік айдаған" прокурор жұмыстан шығарылды


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Оңтүстік Қазақстан облыстық прокуратурасының прокуроры Нұржан Полатов әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін жұмыстан босатылды деп хабарлады облыстық прокуратура.

23 маусым күні Шымкент қалалық мамандандырылған әкімшілік соты Нұржан Полатовты әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 608-бабының 1-бөлімі ("Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беру") бойынша кінәлі деп танып, 3 жыл мерзімге көлік құралдарын басқаруға тыйым салған.

11 шілдеде Оңтүстік Қазақстан облысының соты Шымкент қалалық мамандандырылған әкімшілік сотының қаулысын өзгеріссіз қалдырып, Нұржан Полатовтың шағымын қанағаттандырмаған.

«Осыған байланысты облыстық прокуратураның тәртіптік комиссиясымен облыс прокурорына Нұржан Полатовтың прокуратура органдарына кір келтіретін теріс қылық жасағаны үшін жұмыстан босату туралы ұсыныс жасалды. 12 шілдеде Оңтүстік Қазақстан облысы прокурорының бұйрығымен Нұржан Полатов прокуратура органдарынан жұмыстан босатылды» дейді облыстық прокуратура.

XS
SM
MD
LG