Accessibility links

ЕО: Brexit Лондон қаржылық міндеттемесін өтеген соң басталады


Мишель Барнье, ЕО-ның Ұлыбританиямен Brexit келіссөзі бойынша делегациясының басшысы.
Мишель Барнье, ЕО-ның Ұлыбританиямен Brexit келіссөзі бойынша делегациясының басшысы.

"Брюссель мен Лондон арасында Brexit бойынша келіссөз негізгі үш мәселе - Еуропа Одағы (ЕО) елдері азаматтарының Ұлыбританиядағы мәртебесі, Солтүстік Ирландияның мәртебесі және Ұлыбританиядан талап етілген қаржы бойынша мәселелер реттелген соң басталады" деп мәлімдеді ЕО делегациясының басшысы Мишель Барнье.

Барньенің сөзінше, Лондоннан қаржы талап ету "құн төлетіп алу" немесе "жазалау" деп саналмайды. ЕО делегациясының басшысы "әңгіме Ұлыбритания ЕО-ға мүше болған кезінде өзіне алған қаржылық міндеттемелер туралы" екенін айтты.

Брюссель Ұлыбритания ЕО-ға мүше болған кезіндегі қаржылық міндеттемелерін өтеу үшін 60-80 миллиард еуро төлеуі тиіс дейді. Ұлыбритания ішкі істер министрі Борис Джонсон мұндай талапты орынсыз деп біледі.

Brexit-тің нақты шарттары бойынша келіссөздің алғашқы кезеңі 17 шілдеде өтеді.

XS
SM
MD
LG