Accessibility links

БҰҰ Сирияның солтүстігіне гуманитарлық жүк жеткізе бастады


Алеппода гуманитарлық көмек алу кезегінде тұрған сириялықтар. Қараша, 2016 жыл.
Алеппода гуманитарлық көмек алу кезегінде тұрған сириялықтар. Қараша, 2016 жыл.

БҰҰ 12 шілдеде Сирияның солтүстігіндегі Ракка қаласына гуманитарлық көмек жеткізуді бастады.

БҰҰ-ның дүниежүзілік азық-түлік бағдарламасының хабарлауынша, гуманитарлық көмектің алғашқы партиясы Раккадан батысқа қарай орналасқан Мансура қаласы мен оған көршілес аудандардан мәжбүрлі түрде көшкендерге беріле бастады.

Маусымда Башар Асад күштері БҰҰ-ның Алепподан Сирияның солтүстік-шығысындағы Камишли қаласына баратын жолдағы аудандарына гуманитарлық көмек жеткізуге рұқсат берген.

Аталған аймақтағы аудандарда Ракка мен оның төңірегіндегі әскери іс-қимылдардан қашқан адамдар шоғырланған. Оппозициялық көтерілісшілер АҚШ бастаған коалицияның қолдауымен "Ислам мемлекеті" экстремистік ұйымының содырларын тықсырып шығаруға тырысып жатыр.

БҰҰ мәліметінше, мұнда биыл сәуірден бастап 190 мыңнан астам адам үй-жайын тастап кетуге мәжбүр болған. Тағы 50 мың адам қоршаудағы қалада қалып қойған.

Провинцияға апаратын жолдардың көпшілігі ИМ Ракканы басып алып, оны Сириядағы "халифаттың" астанасы деп жариялаған 2014 жылдан бері жабық тұр.

XS
SM
MD
LG