Accessibility links

Эмомали Рахмонның "дана ойларының" жинағы жарық көрді


Эмомали Рахмон, Тәжікстан президенті.
Эмомали Рахмон, Тәжікстан президенті.

Тәжікстанда президент Эмомали Рахмонның дана ойлары мен пікірлері жинақталған кітап жарыққа шықты.

Рахмонның аға кеңесшісі Зафар Саидзодтың айтуынша, "Тәжікстан президенті, бейбітшілік пен ұлттық бірліктің негізін салушының дана ойлары мен тәмсілдері" деп аталатын, 464 беттен тұратын кітабының тиражы 500 дана. Кітаптың электрондық нұсқасы ұлттық кітапхананың вебсайтына жарияланған. Кітапта Рахмонның бейбітшілік, тәуелсіздік, тарих және әйелдер туралы ойлары берілген.

"Ұлттық мемлекеттілік, оның барлық атрибуттары мен символдары әрбір тәжік әйелінің ой-санасы мен жан-дүниесіне орнығып, ана сүті арқылы ұрпақтан ұрпаққа берілуі тиіс" делінген кітаптағы үзінділердің бірінде.

Кітапты орыс тіліне аударып басу да жоспарланып отыр.

Тәжікстанды ширек ғасыр бойы басқарып келе жатқан Эмомали Рахмонға 2015 жылы парламент ұлт көшбасшысы деген мәртебе берген.

2016 жылы Тәжікстанда конституцияға Рахмонға президент сайлауына тағы да түсуіне ерекше құқық беретін түзетулер енгізілген.

Тәжік билігінің саясаты Рахмонды Тәжікстанды тәуелсіздік алған соң басталған бес жылдық азаматтық соғысында бейбітшілікке жеткізген құтқарушы сипатында насихаттайды. Бірақ Рахмон билігін сынайтындар оның режимін адам құқығын үнемі бұзады деп айыптайды.

XS
SM
MD
LG