Accessibility links

Немцовтің өліміне кінәлі деп танылғандар сотталды


Тамерлан Эскерханов (солдан оңға қарай), Шадид Губашев және Заур Дадаев сот залында өздеріне шыққан үкімді тыңдап тұр. Мәскеу, 13 шілде 2017 жыл.

Мәскеудің округтік әскери соты бейсенбіде Шешенстан ішкі істер министрлігі "Север" батальонының бұрынғы сарбазы Заур Дадаевты оппозициялық саясаткер Борис Немцовтің өліміне кінәлі деп айыптап, 20 жылға соттады деп хабарлайды Азаттықтың Орыс редакциясы.

Дадаевпен бірге айыпты деп танылған Тамерлан Эскерханов 14 жылға, Анзор Губашев 19, Шадид Губашев 16, Хамзат Бахаев 11 жылға сотталды. Сот Дадаев пен ағайынды Губашевтерді жазасын қатаң режимдегі колонияда өтеуге үкім кесіп, Дадаев пен Эскерхановты әскери атақтары мен ордендерінен айырды. Сонымен қатар барлық сотталушылар айыппұл төлеуге міндеттелді.

Кеше прокурор Немцовті өлтірді деп айыпталған Дадаевқа өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын сұраған.

Борис Немцовты 2015 жылы 27 ақпанда Мәскеудің орталығында Кремльге жақын көпір үстінде атып өлтіріп кеткен.

Пікіріңіз

Оқырман пікірлері

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG