Accessibility links

Парижде Макрон мен Трамп кездеседі


Франция президенті Эммануэль Макрон мен АҚШ президенті Дональд Трамп G20 елдерінің саммитінде. Гамбург, Германия, 7 шілде 2017 жыл.
Франция президенті Эммануэль Макрон мен АҚШ президенті Дональд Трамп G20 елдерінің саммитінде. Гамбург, Германия, 7 шілде 2017 жыл.

Парижде бүгін АҚШ президенті Дональд Трамп пен Франция президенті Эммануэль Макрон кездесу өткізеді. Келіссөзде терроризммен бірлесіп күресу, Сирия мен Украинаның шығысындағы қақтығыстар талқыланады деп болжанып отыр.

Дональд Трамп Францияға президент ретінде алғаш сапарлап отырғанымен, екі ел президенттері НАТО, G7 және G20 елдерінің саммиттерінде кездескен.

Макрон мен Трамп ертең Бастилия қамалын алу күнін мерекелеуге қатысады. Биыл бұл мереке АҚШ-тың Бірінші дүниежүзілік соғысқа араласқанына 100 жыл толуымен қатар келіп тұр. Ақ үйдің мәліметінше, әскери парадқа АҚШ-тың барлық қалалардағы әскерилерінің, оның ішінде америкалық әйгілі "Буревестник" пилотаж тобының өкілдері түгел қатысады.

XS
SM
MD
LG