Accessibility links

Белсенді Берік Жағыпаров бес тәулікке қамалды


Берік Жағыпаров, Жезқазғанда тұратын азаматтық белсенді.
Берік Жағыпаров, Жезқазғанда тұратын азаматтық белсенді.

Жезқазғанда тұратын азаматтық белсенді Берік Жағыпаров пен Сәтбаев қаласында тұратын белсенді Асқар Қошанов "ұсақ бұзақылық жасады" деген айыппен бес тәулік әкімшілік қамауға алынды. Бұл туралы Азаттыққа Сәтбаев қалалық сотынан хабарлады.

Сәтибаев қалалық соты кеңсе меңгерушісінің міндетін атқарушы Баян Жаткееваның айтуынша, судья Серік Исабаев Жағыпаров пен Қошановты әкімшілік кодекстің 434-бабының 1-бөлімі ("ұсақ бұзақылық жасау") бойынша айыпты деп таныған. Оның сөзінше, сот процесі 12 шілде күні түнге қарай басталып, бүгін, 13 шілде күні таңертеңгі сағат 7-де аяқталған.

Берік Жағыпаровтың айтуынша, оларды Сәтбаев қалалық әкімдігінде болған оқиға бойынша соттаған. Жағыпаровтың Facebook-те жазуынша, ол Асқар Қошанов және басқа да белсенділер мен журналистермен бірге екеуі Сәтбаев қаласы әкімінің орынбасары Айгүл Төлендинаға әлеуметтік мәселе бойынша қабылдауына барған. Бірақ әкім орынбасарына сауалдарын қойып, кететін кезде кабинетке Төлендинаның көмекшісі кіріп келіп, бейнекамерасын тартып алған. Бұдан соң белсенділер камерасын қайтарып алмақ болып, бөлек кабинетте екі әкімдік қызметкері мен белсенділер арасында жанжал шыққан.

XS
SM
MD
LG