Accessibility links

ЕҚЫҰ тұрақты кеңесінде Қазақстандағы адам құқығы жайы талқыланды


Азамат Шамбилов, Халықаралық түрме реформасы Орталық Азиядағы өкілдігінің директоры.
Азамат Шамбилов, Халықаралық түрме реформасы Орталық Азиядағы өкілдігінің директоры.

Қазақстандық құқық қорғаушылар Венада ЕҚЫҰ тұрақты кеңесіне мүше елдердің кездесуіне қатысып, Қазақстандағы адам құқықтары мен заңның үстемдігі жайынан есеп берді деп хабарлады Халықаралық түрме реформасы (Penal Reform International - PRI) ұйымының Орталық Азиядағы өкілдігі.

PRI өкілдігінің директоры, ТМД елдеріндегі түрме реформасы Халықаралық пенитенциарлық жүйе қорының сенімді уәкілі Асхат Шамбилов қылмыстық сот төрелігі жүйесі, түзету мекемелері мен полициядағы адам құқықтарының сақталуына қатысты мәселелерді көтерді. Шамбилов есебінде Қазақстанның сотталушылар санын азайтып, пробация қызметі механизмдерін енгізу арқылы қылмыстық саясатын ізгілендіруге бет алғанын, бірақ жеке назар аударуды талап ететін бірнеше өзекті мәселе барын және олардың кейде қылмыстық жазаны атқару жүйесімен ғана байланысты бола бермейтінін айтқан.

PRI өкілдігінің хабарлауынша, Шамбилов бұған қоса Қазақстанда азаптау оқиғаларының әлі де көп екенін, оларды тәуелсіз және тиімді түрде тексеру механизмдерінің жоғын айтқан.

"2016 жылы қылмыстық іс өндірісі кезінде азаптауға қатысты 1460 құқық бұзушылық тіркелді. Тәжірибе бойынша, азаптаулардың 15 пайыздайы түрмеде, негізгі бөлігі - 75 пайызы тергеу кезінде болады. Қалған азаптау әрекеттері (10 пайыз) азаматтық мекемелерде жасалады" деген Шамбилов. Оның сөзінше, Қазақстанда азаптаудың алдын алу үшін екі механизм - қоғамдық бақылау комиссиялары мен Ұлттық превентивтік механизм құрылған. "Бірақ бұл шаралар болып қайған азаптау оқиғалары мен бас бостандығынан айыру және шектеу орындарында болатын өлім фактілерін әділ және тиімді тексеруге жеткіліксіз" деген Шамбилов.

XS
SM
MD
LG