Accessibility links

HRW: Ирак әскері Мосулда содырлар отбасыларына қатыгездік танытқан


Мосулдың соғыстан қираған көрінісі.
Мосулдың соғыстан қираған көрінісі.

Құқық қорғаушылар Ирак әскерилерінің Мосулдағы содырлардың отбасыларына қатегіздікпен қарағаны туралы бейнежазба пайда болғанын хабарлады. Human Rights Watch (HRW) халықаралық ұйымы бұл туралы мәлімдеме жариялап, Facebook-те жарияланған, Ирак әскерилері мен полицейлерінің формасын киген адамдардың ұсталғандардың бірін өлтіріп, басқаларын аяусыз ұрып-соққаны түсірілген видеолардың сілтемелерін келтірді.

Ирак ішкі істер министрлігінің өкілі кісі өлімі туралы бейнежазбаның шынайы екенін және кінәлілер жазалануы тиіс екенін мәлімдеді.

HRW ұйымының Ирак бойынша бас сарапшысы Белкис Вилле соңғы аптада Мосулдағы ұрыста Ирак солдаттарының операцияны жылдамырақ аяқтау үшін кейде заң мен соғыс жүргізу ережелерін қалай бұзатынын көзімен көргенін мәлімдеді. Вилле Ирак премьер-министрі Хайдар әл-Абадиді бұған қатысты тергеу жүргізуге шақырды.

Мосулда гуманитарлық құқықтың бұзылғаны туралы 11 шідеде Amnesty International ұйымы да мәлімдеген.

10 шілдеде Хайдар әл-Абади Мосулдың "Ислам мемлекеті" экстремистік ұйымынан азат етіліп, содырлардың жеңілгенін мәлімдеген. "Ислам мемлекеті" ұйымының содырлады Мосулды 2014 жылы жазда басып алып, онда "халифат" құрылғанын жариялағанан бері бақылауда ұстаған.

XS
SM
MD
LG