Accessibility links

Федералдық сайлау комиссиясына Трамптың ұлына қарсы шағым түсті


АҚШ президенті Дональд Трамп пен оның ұлы, кіші Дональд Трамп.

АҚШ-тың Федералдық сайлау комиссиясына Дональд Трамптың ұлы, кіші Дональд Трампқа, Джаред Кушнерге және Пол Манафортқа қарсы шағым түсті. Президенттің ұлы, күйеубаласы әрі кеңесшісіне және оның сайлау штабының бұрынғы басшысы сайлау кампаниясы кезінде президенттікке кандидат Хиллари Клинтонға қарсы компромат ұсынған Ресей өкілдерімен кездесіп, заң бұзды деп айыпталып отыр.

Шағымға Common Case, Campaign Legal Center және "Демократия-21" ұйымдарының заңгерлері және тағы екі адвокат қол қойған. Олар таяуда жарияланған, кіші Дональд Трамптың атына жолданған хатқа сілтеме жасайды. Хатта кіші Дональд Трамптың ресейлік адвокат Наталья Весельницкаямен кездесетіні және адвокаттың оған Клинтон туралы компромат беретіні айтылған.

Федералдық сайлау комиссиясы - сайлау кампаниясын қаржыландыру саласындағы заңнамалардың бұзылғаны туралы талап-арыздарды қарайтын жалғыз ведомство.

Кеше АҚШ конгресі өкілдер палатасының спикері Пол Райан кіші Дональд Трамп президент Дональд Трамп айналасындағы адамдардың Ресеймен байланыстарына қатысты есеп беруі тиіс деп мәлімдеген. Сол күні АҚШ президенті БАҚ өз ұлының Весельницкаямен кездесуі туралы ақпараттың "отын үрлеп, желеулетіп жатқанын", Весельницкаяның Ресей билігінің өкілі саналмайтынын мәлімдеген.

АҚШ әділет министрлігі мен конгресі қазір Ресейдің АҚШ-тағы прездиент сайлауына килігуі ықтималдығын тесеріп жатыр.

Пікіріңіз

Оқырман пікірлері

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG