Accessibility links

АҚШ соты Трамптың миграцияны шектеу жарлығына қарсы шешім шығарды


АҚШ Жоғарғы соты (Көрнекі сурет).
АҚШ Жоғарғы соты (Көрнекі сурет).

АҚШ-тың Гавайи штатының федералдық судьясы Деррик Уотсон президент Дональд Трамптың мұсылмандар басым тұратын алты елдің АҚШ-та туыстары бар азаматтары мен босқындарының елге келуіне қойған шектеуіне қарсы шешім шығарды.

Судья 13 шілдеде Гонолулуда президент әкімшілігі тыйым салған, АҚШ-та ата-әжесі, нағашысы немесе басқа да алыс туыстары тұратын азаматтардың елге кіруіне рұқсат берілуі тиіс деп мәлімдеді.

Уотсон бұл туралы АҚШ Жоғарғы сотының Трамптың Иран, Сирия, Сомали, Ливия, Йемен және Судан азаматтары мен босқындарына АҚШ-та тұратын туыстары болмаса елге кіруіне 90 күнге дейін тыйым салу туралы жарлығын қайта күшіне енгізуіне берген түсіндірмесінде айтты.

Трамп әкімшілігі Жоғарғы соттың шешімін әйелі, күйеуі, ата-анасы, балалары, бауырлары америкалық болса, АҚШ территориясына кіре алады, бірақ америкалық ата-әжесі бар немесе туыстығы алыс адамдар кіргізілмейді деп түсірдірген еді.

Гонолулу соты Гавайи штаты әкімшілігінің АҚШ-та ата-әжесі, немерелері, нағашысы мен басқа да алыс туысы бар адамдардың елге кіруіне рұқсат беретін қаулы шығару туралы өтінішін қанағаттандырды.

Уотсон Трамп әкімшілігі жақын туыстық байланысы бар адамдарға қатысты "асыра шектеу салып отыр" дейді. Оның сөзінше, ата-әже - "жақын туыстық байланыстың ең жарқын көрінісі" саналады.

XS
SM
MD
LG