Accessibility links

Қырғызстанда президенттікке ұсынылғандар саны 25-ке жетті


Қырғызстанның сайлау және референдум өткізу жөніндегі орталық комиссиясы, Бішкек.
Қырғызстанның сайлау және референдум өткізу жөніндегі орталық комиссиясы, Бішкек.

Қырғызстанның сайлау және референдум өткізу жөніндегі орталық комиссиясы президент сайлауына түсуге тағы екі кандидат өтініш білдіргенін хабарлады.

Кандидаттыққа үміткерлердің бірі - өзін-өзі ұсынған, Түркі тілдес мемлекеттердің саясатын қолдау қорының президенті Нусрет Муса-Оглы Мамедов. Сонымен қатар сайлау комиссиясына "Бутун Кыргызстан" саяси партиясының 12-құрылтайының президенттіке партия атынан кандидат ретінде Адахан Мадумаровты ұсыну туралы шешімі түскен.

Орталық Сайлау комиссиясының хабарлауынша, 13 шілдедегі есеп бойынша комиссияға 25 адамнан президент сайлауына түсу туралы өтініш келіп түскен.

Қырғызстанда президент сайлауы 15 қазанда өтеді. Сайлауға түсуге өтініш беру мерзімі 1 тамызға дейін жалғасады.

XS
SM
MD
LG