Accessibility links

Астанада өрттен төрт адам көз жұмды


Көпқабатты үйдің өртенген пәтерлерінің терезесі (Көрнекі сурет).
Көпқабатты үйдің өртенген пәтерлерінің терезесі (Көрнекі сурет).

Астанада "Хайвилл" тұрғын үй кешенінде пәтерде шыққан өрт салдарынан төрт адам қаза тапты деп хабарлады жергілікті агенттіктер.

Ішкі істер министрлігі төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Руслан Иманқұловтың ақпаратына қарағанда, жұма күні таңертеңгі сағат 5 шамасында 24 қабатты тұрғын үй кешенінің тоғызыншы қабатынан өрт шыққаны туралы хабар түскен. Төрт адам ыс тиіп көз жұмған, олардың екеуі - бала.

Иманқұловтың сөзінше, өрт аумағы 65 шаршы метрді құраған. Пәтерде жихаздар, тұрмыстық техникалар мен үйдегі заттар өртенген. Өртті сөндіруге 25 адам жұмылдырылған.

Өрт себебі анықталып жатыр.

XS
SM
MD
LG