Accessibility links

Египеттегі шабуылда германиялық екі турист мерт болған


Шабуыл жасалған қонақүйлердің бірі. Хургада, Египет, 14 шілде 2017 жыл.
Шабуыл жасалған қонақүйлердің бірі. Хургада, Египет, 14 шілде 2017 жыл.

Египеттің курортты Хургада қаласында жұма күні қонақүй жағажайында пышақпен шабуылдаған ер адам өлтірген екі шетелдік - германиялық турист әйелдер екені анықталды. Шабуыл салдарынан екі чех азаматы және екі армениялық турист жараланған.

Содан кейін көршілес жағажайдағы тағы екі адамға шабуыл жасауға әрекеттенген әлгі адам ұсталған.

Бұған дейін шабуылдан украиналық екі әйел қаза тапқан деген ақпарат тараған еді.

Бұған дейін 2016 жылғы қаңтарда Хургада қаласында жасалған шабуыл салдарынан үш шетелдік турист жараланған болатын. Ол шабуылға «Ислам мемлекеті» экстремистік тобы содырлары күдікті саналады.

XS
SM
MD
LG