Accessibility links

Путин: Украинамен экономикалық байланысты қалпына келтіруге болады


Ресей президенті Владимир Путин.
Ресей президенті Владимир Путин.

Ресей президенті Владимир Путин "Украинадағы дағдарыс украиналықтардың төзімі таусылғанша жалғасады" деп санайды. Ол бұл туралы жұма күні Ресейдің Белгород облысындағы Лебединск тау-кен байыту комбинаты жұмысшыларымен кездесуде мәлімдеген.

Кремль басшысы Мәскеу мен Киев арасында экономикалық байланыстарды қалпына келтіруге деген үміттің әлі біржола өшпегені туралы да айтқан.

Путиннің сөзінше, өзінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков оны Оливер Стоунның фильміне түсуге көндірген. Песков америкалық танымал режиссердің шығармасы арқылы АҚШ аудиториясына Ресей туралы неғұрлым кеңірек мағлұмат беруге мүмкіндік барын айтқан соң Путин фильмге түсуге келісімін берген. Сонымен бірге Ресей президенті өзі жайлы фильмді әлі толық көрмегенін айтып, алғаш рет оны соңына дейін көрмекші болған кезде ұйықтап қалғанын мойындаған.

XS
SM
MD
LG