Accessibility links

Қадыров: Шешенстаннан гей тапсаңдар, Канадаға әкетіңдер


Шешенстан басшысы Рамзан Қадыров.
Шешенстан басшысы Рамзан Қадыров.

Ресей құрамындағы Шешенстан басшысы Рамзан Қадыров егер республика аймағында гейлер бар болса, "қан тазарту" үшін оларды басқа жаққа алып кетуді ұсынды. АҚШ-тың НВО телеарнасы журналисінің қойған сауалына жауабында ол Шешенстанда жыныстық азшылық өкілдері жоқ деп мәлімдеген.

"Әлхамдулиллях, бізде ондай адамдар жоқ, гейлер жоқ бізде. Егер болса бізден аулаққа – Канадаға алып кетіңіздер", - деген Қадыров.

Сәуірдің басында ресейлік "Новая газета" басылымы жариялаған зерттеуде Шешенстанда бірнеше айдан бері гейлерді жаппай ұстап жатқаны туралы айтылған. Құқық органдарындағы аты-жөндерін атамаған дерек көздердің басылымға хабарлауынша, әңгіме жүзден астам ер адамдар туралы болып отыр. "Кемінде үш адам өлтірілген, құрбандар саны бұдан да көп болуы мүмкін" деп жазған басылым.

Зерттеу мақаласы жарияланғаннан кейін "Новая газета" басылымы журналистеріне қоқан-лоқы жасап, көпшіліктің көзінше жазаланатындары туралы айтып, қорқытпақшы болған. Басылымның бас редакторы Кремльден қорған болуды сұрағаннан кейін Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Шешенстан басшысына редакцияға ықпал жасау үшін "тек заңды әдістер" пайдалануға кеңес берген.

XS
SM
MD
LG