Accessibility links

БАҚ: Ресейде ФСБ-ның екі полковнигі ірі пара алған деген күдікпен ұсталды


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Ресей федералдық қауіпсіздік қызметінің (ФСБ) екі полковнигі ірі көлемде пара алған деген күдікпен тұтқындалғаны туралы бүгін ресейлік "Коммерсантъ" басылымы дереккөздеріне сілтеме жасап хабарлады.

Тергеу болжамы бойынша, ФСБ орталық аппаратының бөлім басшыларының бірі Андрей Кутернин мен оның орынбасары Алексей Костенков жеке меншік күзет кәсіпорны жетекшісінен миллион рубльге жуық пара алған. Оның қарымына екеуі күзет кәсіпорынын Ресей сыртқы істер министрлігі жанындағы дипломатиялық корпусқа қызмет көрсететін бас басқарманың нысандарын күзету туралы келісіммен қамтамасыз етпекші болған.

Кутернин мен Костенков осыдан біршама уақыт бұрын ұсталған, қазір қамауда ұстау мерзімі ұзартылған екеуі тергеу абақтысында отыр. Олардың үстінен мемлекеттік қызметкерлердің пара алуы бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған, оны Мәскеудің әскери тергеу басқармасы жүргізеді.

XS
SM
MD
LG