Accessibility links

Украинада парламент депутатын екі айға тұтқындады


Михаил Добкин сотта отыр. Киев, 15 шілде 2017 жыл.
Михаил Добкин сотта отыр. Киев, 15 шілде 2017 жыл.

Киевтің Печерск аудандық соты Украина Жоғарғы Радасының депутаты Михаил Добкинді екі айға тұтқындауға санкция берді. Сот шешімінде Добкинге бес күннің ішінде екі миллион доллар көлемінде кепіл ақша енгізуге мұрсат берілетіні айтылған.

Депутат өзінде ондай ақша жоғын мәлімдеген.

Сенбідегі сот отырысына депутатпен бірге Жоғарғы Рададағы оппозициялық блокқа мүше оның серіктері де қатысты. Олардың барлығы Добкинге кепіл болуға, екеуі – кепіл ақша төлеуге дайын екендерін мәлімдеген.

Бұған дейін, шілденің 13-і күні Украина парламенті бас прокуратураның өтінішін қанағаттандырып, «қызмет өкілеттігін теріс пайдаланған» және «Харьковте жер телімдеріне қатысты алаяқтық істерге араласқан» деген күдікке іліккен Михаил Добкинді депутаттық иммунитетінен айырған.

Виктор Янукович Украина президенті болған тұста Михаил Добкин Харьков облыстық әкімшілігін басқарған. Ол 2014 жылы күзде Украина президенті сайлауына да түскен.

XS
SM
MD
LG