Accessibility links

Ресейде саяжайдағы үйдегі өрттен жеті адам қаза болған


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Ресейдің Иркутск облысындағы Братск қаласы маңындағы сайжайдағы үйдегі өрттен жеті адам мерт болған. Бұл туралы Ресей төтенше жағдайлар министрлігінің аймақтық басқармасы хабарлаған.

Оқиға жексенбіде, жергілікті уақытпен түнгі сағат үштің шамасында болған. Өрт сөндірушілер саяжайға жеткен кезде үйдің толық жанып кеткенін, төбесі опырылып ортасына түскенін көрген. Кейін өртенген үйдің ішінен жеті адамның сүйектерін тапқан, алдын ала деректер бойынша, олардың үшеуі – балалар. Өртенген үйдің жанынан көлік табылған.

Өрттің неден шыққаны әзірше белгісіз.

Оқиға болған жерде тергеу комитетінің жедел тобы жұмыс істеп жатыр.

XS
SM
MD
LG