Израиль әскерилері терроризмге күдікті палестиналықты атып өлтірген. Оның алдында күдікті Иорданның батыс жағалауында өзін ұстамақшы болған әскерилерге қарсы оқ атқан. Батыс жағалаудағы Наби Салах ауылының тұрғыны 34 жастағы Амар Халилдің әскерилерге қарсы қарулы шабуылға байланысты күдікке іліккені туралы хабарланды.
Полиция өкілінің хабарлауынша, қоршауға алынған күдікті оқ жаудырған соң оны атып өлтірген. Жеңіл жараланған тағы бір палестиналық ұсталған. Израиль жағынан құрбан болған немесе зардап шеккендер туралы ақпарат түспеген. Сонымен бірге палестин тарабынан да әзірше ешкім комментарий берген жоқ.
2015 жылы басталған тәртіпсіздіктер салдарынан кемінде 260 палестиналық пен 44 Израиль азаматының өмірі қиылған. Израиль үкіметінің хабарлауынша, палестиналықтардың көпшілігі шабуылдар жасаған кезде өлген, ал басқалары қақтығыстар мен наразылық акциялары барысында мерт болған.