Accessibility links

БАҚ: Трамптың "ресейлік дау-дамайдан" қорғану шығыны өсіп барады


АҚШ президенті Дональд Трамп.
АҚШ президенті Дональд Трамп.

АҚШ президенті Дональд Трамптың адвокаттарға жұмсаған шығын көлемі өткен жылғы президент сайлауына "Ресейдің араласуын" тексеру созылған сайын ұлғайып барады. Бұл туралы сенбі күні федералдық сайлау комиссиясы мәліметтеріне сілтеме жасап USA Today газеті хабарлады.

Президенттік міндетіне кіріскен алғашқы үш айында Трамп заңгерлер қызметіне 249 мың доллар жұмсаған болса, сәуірден маусым айына дейін оның адвокаттары қызметтері үшін сұратқан төлем сомасы 677 мың доллардан асқан. Мысалы, 27 маусымда президенттің үлкен ұлы Нью-Йорк қаласынан жалдаған қылмыстық істер бойынша адвокат Алан Футерфасқа 50 мың доллар аударылған. Кіші Дональд Трамп өткен жылы АҚШ президенті сайлау кампаниясы қызып тұрған шақта өзіне "Хиллари Клинтонды әшкерелейтін материалдар" беруге уәде еткен ресейлік адвокат Наталья Весельницкаямен кездескені биыл мәлім болған соң жанжалға қалды.

Футерфасқа ақшалай төлем New York Times басылымында Трамп пен Весельницкаяның кездескені туралы ақпарат шықпай тұрып және Футерфастың АҚШ президенті ұлының мүддесін ресми қорғайтыны туралы хабардан шамамен екі апта бұрын жолданған.

Трамптардың адвокаттарына ақша президент штабының 2020 жылы өтетін келесі сайлау кампаниясына жинаған қаражаты есебінен төленеді. Қазіргі уақытта келесі сайлау кампаниясына 12 миллион долларға жуық қаржы жиналған деп жазады USA Today.

XS
SM
MD
LG