Accessibility links

Австралия Ресейді ұшақтың құлауына кінәлілерді жазалауға атсалысуға шақырды


2014 жылы Украинаның шығысында апатқа ұшыраған Malaysian Airlines компаниясының Boeing 777 ұшағының жерден табылған сынықтардан құрастырылып, қайта қалпына келтірілген түрі.
2014 жылы Украинаның шығысында апатқа ұшыраған Malaysian Airlines компаниясының Boeing 777 ұшағының жерден табылған сынықтардан құрастырылып, қайта қалпына келтірілген түрі.

Австралия Ресейді үш жыл бұрын Шығыс Украинада малайзиялық Boeing 777 жолаушылар ұшағын жерден атып түсіргендерді тауып, жауапқа тартуға болысуға шақырды.

2014 жылғы 17 шілдеде Malaysian Airlines әуе компаниясының MH17 рейсімен Амстердамнан Куала-Лумпурге ұшып бара жатқанда Донбасс аумағында жерге құлаған ұшақта болған 298 адам түгел қаза тапқан. Апат себептерін тексерген Нидерланд тергеушілері 2015 жылы шығарған қорытындысында жолаушылар ұшағын сепаратистер бақылауындағы аймақтан ресейлік Бук зымыранымен әуеден атып түсірген деген тұжырым жасаған.

Австралия сыртқы істер министрі Джулия Бишоп Ресейді БҰҰ-ның Канберра әзірлеген 2166-қарарын орындауға шақырды. "Бұл қарар адам өлтіруге кінәлілерді сотқа тарту үшін барлық мемлекеттерді ынтымақтасуға үндейді" деп мәлімдеген Бишоп шілденің 16-сы күні.

Өткен айда Нидерланд бұл іс бойынша күдіктілер осы елдің заңына сәйкес сотқа тартылатын болады деп хабарлаған. Украинаның шығысындағы соғыс қимылдарына өзінің қатысы жоғын айтатын Ресей малайзиялық жолаушылар ұшағын атып түсіруге ресейлік зымыран пайдаланылған болуы мүмкін екенін де жоққа шығарады.

Амстердамнан Куала-Лумпурге ұшып бара жатқанда Донбасс аумағында құлаған ұшақта болған жолаушылардың көбі Нидерланд азаматтары еді, ал өзгелері 17 мемлекеттен, соның ішінде 38 австралиялық болған.

XS
SM
MD
LG