Accessibility links

Санкт-Петербургте "Еркін интернет үшін" акциясы өтті


"Яровая заңдарына" қарсылық акциясында тұрған белсенді. Мәскеу, 9 тамыз 2016 жыл.

Ресейдің Санкт-Петербург қаласында жексенбі күні "Еркін интернет үшін" акциясы өтті. Жергілікті билік келісім берген шараға жиырмаға жуық адам қатысты деп хабарлайды Азаттықтың Орыс қызметі. Акцияға шыққан белсенділер интернет еркіндігін шектейтін шараларға, мысалы, Ресей мемлекеттік думасының депутаты Ирина Яроваяның бастамасы бойынша қабылданған "антитеррористік" заңдар топтамасының күшін жоюды талап етті.

Полиция наразылық акциясына араласпаған, ұсталғандар туралы ақпарат түскен жоқ.

Бүгін сондай-ақ Мәскеу қаласында да "Еркін интернет үшін" акциясын өткізу жоспарланған. Бірақ, биліктің келісімі болмағандықтан шара өтпей қалды.

Freedom House құқық қорғау ұйымының есебіне сәйкес, Ресей әлемдегі "интернеті еркін емес" 20 елдің қатарына енеді. Халықаралық ұйымының дерегі бойынша, Ресей билігі шектеулердің негізгі бөлігін "терроризмге қарсы іс-әрекет" деп түсіндіргенімен, қысымға Донбастағы қарулы жанжал туралы оппозициялық мәлімдемелер мен жазбалардың авторлары, сондай-ақ ЛГБТ-белсенділер ұшырайды.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG