Accessibility links

Макрон мен Нетаньяху еврейлердің еске алу рәсіміне қатысты


Суретте алдыңғы қатарда – Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху мен Франция президенті Эмманюэль Макрон қаза тапқан еврейлерді еске алу рәсімінде тұр. Париж, 16 шілде 2017 жыл.
Суретте алдыңғы қатарда – Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху мен Франция президенті Эмманюэль Макрон қаза тапқан еврейлерді еске алу рәсімінде тұр. Париж, 16 шілде 2017 жыл.

Парижде бүгін Франция президенті Эмманюэль Макрон мен Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху осыдан 75 жыл жаппай ұсталғаннан кейін қырғынға ұшыраған еврейлерді еске алу шарасына қатысты.

1942 жылғы шілдеде нацистер Франция астанасы мен оның төңірегіндегі елдімекендерден жаппай ұстаған 13 мың еврейді (төрт мыңы - балалар) Париждегі «Қысқы велодром» атты жабық спорт алаңына әкеп қамап, кейін бәрін концлагерлерге айдаған. Олардың басым көпшілігі концлагерлерде қаза тапқан, тек алты бала мен жасөспірім және жүзге де жетпейтін ересек адамдар ғана тірі қалған.

Франциядағы нацистер сойқанына Виши коллаборационистік үкіметі келісім берген. Еврейлерді ұстап, қамауға сол кезде жеті мыңға жуық француз полициясы мен жандармы да қатысқан.

XS
SM
MD
LG