Accessibility links

Роджер Федерер Уимблдон жарысында жеңіске жетті


Роджер Федерер.
Роджер Федерер.

Швейцариялық теннисші Роджер Федерер Лондонда өткен Уимблдон теннис турнирінің жеңімпазы атанды. Ол финалда хорватиялық Марин Чиличті 6:3, 6:1, 6:4 есебімен жеңді.

35 жастағы Федерер Уимблдон жарысын 8-рет, Grand Slam санатына енетін турнирлерде 19-рет жеңіске жетті. Ол биыл қаңтарда Австралия ашық чемпионатында да ұтқан.

Ал Уимблдонның әйелдер арасындағы жарысында испаниялық Гарбине Мугуруса жеңіске жетті. Ол финалда америкалық Винус Уильямстан 7:5, 6:0 есебімен басым түсті. Уимблдон жарысында қатысқан қазақстандық теннисшілер арасында Зарина Дияс үшінші кезеңге дейін жетіп, хорватиялық Петра Мартичтен жеңілген. Ал Михаил Кукушкин - екінші, Юлия Путинцева мен Александр Бублик бірінші кезеңде жеңіліп қалды.

XS
SM
MD
LG