Режиссер Джордж Ромеро 77 жасына қараған шағында көз жұмды. Бұл туралы туысқандарына сілтеме жасап, Los Angeles Times газеті хабарлады. Ромеро қатерлі ісікпен ауырған.
Ромеро "зомби-хоррор" жанрындағы алғашқы фильм түсірген режиссер. Ол көрерменге 1968 жылы түсірген "Тірі өліктер түні" атты фильмімен танылды. Кейін "Өліктер таңы", "Өліктер күні", "Өліктері жері", "Өліктер күнделігі" атты көптеген фильмдерді түсірді.