Accessibility links

SANA: Ресейдің Сириядағы елшілігіне снаряд тиді


Дамасктегі Ресей елшілігі.
Дамасктегі Ресей елшілігі.

Сирия астанасы Дамаскте Ресей елшілігінің территориясы минометпен атқыланған. Сирияның мемлекеттік SANA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, 16 шілдедегі оқиғада бір снаряд елшілік ғимаратына, бірі оның жанына түскен. Елшілік жанындағы тұрғын үйлерге де зақым келген. Оқиғадан жеті адам жарақат алған.

Әзірге бұл шабуылды ешқандай ұйым өз мойнына алған жоқ. Бұған дейінде Ресейдің Сириядағы елшілігі бірнеше рет шабуылға ұшыраған.

Сириядағы азамат соғысында Ресей мен Иран ел президенті Башар Асадтың саясатын қолдайды.

XS
SM
MD
LG