Accessibility links

Видеоблогерлер Соколовскийді экстремистер тізімінен шығаруды талап етті


Руслан Соколовский.
Руслан Соколовский.

Ресейлік видеоблогерлер Мемлекеттік дума депутаттарынан Руслан Соколовскийді экстремистер тізімінен шығаруды сұрады. Видео жолдау блогер Данил Поперечныйдың Youtube каналында жарияланды.

Жолдау авторлары экстремизм заңына өзгеріс енгізуді талап етті. Олар "заңға сай ұлтшыл-қанышер де, құран туралы әзіл айтқан блогер де террористер қатарына кіріп кетуі мүмкін" дейді.

Блогер Руслан Соколовскийдің эстремистер тізіміне енгені 14 шілдеде белгілі болған. Бұл тізімге енгендердің жеке есепшоттары бұғатталады.

Биыл сәуірде сот Руслан Соколовскийді 3,5 жылға шартты түрде соттаған. Шілденің басында оның жазасы екі жыл үш айға қысқарған. 22 жастағы Руслан Соколовский 2016 жылы әлеуметтік желіде Екатеринбургтегі храмда смартфонына орнатылған Pokemon Go ойынын ойнағаны туралы видео жариялаған соң ұсталған. Ол үйқамаққа алынғанға дейін абақтыда қамауда отырған, абақтыда өзіне қысым жасалғанын мәлімдеген.

"Мемориал" құқық қорғау орталығы Соколовскийді саяси тұтқын деп таныған.

XS
SM
MD
LG