Венесуэлада жеті миллион адам конституциялық реформаға арналған бүкілхалықтық референдумға қатысты. Елдегі халық саны 31 миллион адамды құрайды.
Референдумда халықтан "ел президенті Николас Мадураның конституцияға өзгеріс енгізу жоспарын қолдайсыз ба деген сауал қойылды. Дауыс берушілердің көбі қарсы шыққан. Оппозиция конституцияға түзетулер парламенттің рөлін әлсіздетіп, президенттің билігін күшейте түседі деп санайды.
Ел президенті Мадура оппозиция өткізген бұл референдумды заңсыз деп санайды.
Референдум кезінде ел астанасы Каракаста белгісіз біреулер сайлау учаскесіне оқ атып, бір адам мерт болды. Үш адам жарақат алған. Оппозиция бұл шабуылдың артында билік тұр деп санайды.
Венесуэладағы бірнеше айдан бері өтіп жатқа. билікке қарсы шараларда мыңға жуық адам қаза тауып, 500-гу жуық адам жарақат алған. 1500 жуық адам ұсталған.