Accessibility links

Қырғызстан: президент сайлауына түсуге отызға жуық адам өтініш берген


Қырғызстан орталық сайлау комиссиясының кіреберісі.
Қырғызстан орталық сайлау комиссиясының кіреберісі.

Қырғызстан орталық сайлау комиссиясы президент сайлауына түсуге 29 адам өтініш бергенін мәлімдеді.

Азаттықтың қырғыз қызметінің хабарлауынша, 24 адам өз-өзін ұсынған. Бес адам партия атынан түспек. Өз-өзін ұсынғандар қатарында "Ата Мекен" партиясының жетекшісі Омурбек Текебаев, "Лига-антикризис" орталығының директоры Назарбек Нышанов, жеке кәсіпкер Арыстанбек Абдылдаев , құқыққорғаушы Рита Қарасартова, отандық өнім өндірушілер қауымдастығының төрағасы Бақыт Дегенбаев, латвиялық “Маро” фирмасының Бішкектегі өкілдігінің басшысы Сайнидин Султанидинов, Орталық Азия халықаралық университетінің ректоры Камила Шаршекеева, экс-омбудсмен, бұрынғы депутат Тұрсунбай Бакир уулу, дипломат Таалатбек Масадыков бар.

Ал премьер-министр Сооронбай Жээнбеков Қырғызстан социал-демократиялық партиясы атынан үміткер болмақ.

Қырғызстан президентінің сайлауы биыл 15 қазанда өтеді. Орталық сайлау комиссиясы болашақ кандидаттардың құжаттарын 15 маусымнан бері қабылдай бастады. Сайлау үгіт-насихаты 10 қыркүйекте басталып, 14 қазанда аяқталады. Нәтижесі 4 қарашаға дейін жарияланады.

XS
SM
MD
LG