Accessibility links

ШҚО-да дауылдан бес адам зардап шеккен


Шығыс Қазақстан облысының картасы.
Шығыс Қазақстан облысының картасы.

Шығыс Қазақстан облысында болған қатты желден бес адам зардап шеккен. Бұл туралы облыстық төтенше жағдай департаменті хабарлады.

Департамент хабарлауынша, дауылдан кейін жүзге жуық тұрғын қоңырау шалынған. Ал Өскемен қалалық жедел жәрдем қызметінің мәлімдеуінше, ағаш және шатыр құлап, зардап шеккен бес адамға көмек көрсетілген, екі тұрғын дәрігерлік тексерістен соң үйлеріне қайтқан.

17 шілдеде Шығыс Қазақстан облысында қатты жел тұрып, ғимараттар мен автокөліктерге зақым келген. Өскеменде жарнамалық билбордтар, автобус аялдамалары қираған. Желдің жылдамдығы секундына 35 метрге дейін жетті.

XS
SM
MD
LG