Accessibility links

Бішкектегі Первомай аудандық соты Қырғызстанның бірінші президенті Асқар Ақаевтың бұрынғы күйеу баласы Әділ Тойғанбаевты сырттай 20 жылға түрме жазасына кесті деп хабарлады Қырғызстан жоғарғы сотының баспасөз қызметі.

Әділ Тойғанбаевтың мүлкі тәркіленіп, мемлекетке 20 мың сом көлемінде айыппұл төлеуі міндетті. Ол бұған қоса "Манас" халықаралық әуежайына 677 миллион 291 мың сом төлеуі керек.

Қазақстан азаматы Әділ Тойғанбаев – Қырғызстанның алғашқы президенті Асқар Ақаевтың қызы Берметтің күйеуі. Ақаев 2005 жылы наурызда Қырғызстанда болған «Қызғалдақ революциясы» кезінде Ресейге қашқан. Әділ Тойғанбаев та Қырғызстаннан кетуге мәжбүр болған. Сол жылы Қырғызстанда оның үстінен қылмыстық іс қозғалған.

Әділ Тойғанбаев бұған дейін 2014 жылы Ресей астанасында бір аптаның ішінде екі рет ұсталып, бірақ кейін босатылған. Тойғанбаевты 2013 жылы Интерполдың сұрауы бойынша Қазақстан да ұстап, бірақ Астана өз азаматтарын үшінші елге экстрадицияламайтынын мәлімдеп, оны Бішкекке беруден бас тартқан.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG