Accessibility links

Жезқазған изоляторындағы суицидке қатысты тергеу басталды


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Жезқазғандағы тергеу изоляторында асылып қайтып болған Жұлдыз Қыстауованың өліміне қатысты тергеу және сот-медициналық сараптама басталды. Тергеушілер Жезқазған қалалық уақытша тергеу изоляторы қызметкерлерін қызметіне салғырт қарау фактісі бойынша да тексеріп жатыр. Бұл туралы Қарағанды облыстық прокуратурасы хабарлады.

Прокуратура мәлімжеуінше, "Қыстауованың жеке заттарын қараған кезде оның жазып кеткен хаты табылды. Онда ол туысқандарымен қоштасып, балаларына қарауды сұраған. Өз өліміне ешкімді кінәламаған".

Жұлдыз Қыстауованы 25 маусымда тергеу изоляторында асылып тұрған жерінен камераласы тауып алған. Ол Михаил есімді адамның өліміне қатысы бар деген күдікпен қамауда отырған. Қазір ер адамның өліміне қатысты іс тоқтатылды.

XS
SM
MD
LG