Accessibility links

Сурдлимпиадаға 50 қазақстандық спортшы қатысады


Сурдлимпиадаға қатысатын Қазақстан спортшылары (Суретті Қазақстан спорт және мәдениет министрлігі ұсынды)
Сурдлимпиадаға қатысатын Қазақстан спортшылары (Суретті Қазақстан спорт және мәдениет министрлігі ұсынды)

Бүгін Түркияның Самсун қаласында 23-сурдлимпиада ойындары басталады. Бұл жарысқа әлемнің 150 елінен есту қабілеті нашар үш мыңнан астам спортшы қатысады. Қазақстаннан сурдлимпиадаға 50 спортшы барған. Олар жеңіл атлетика, жүзу, үстел спорты, еркін және грек-рим күресі, каратэ, таеквондо, спорттық бағдарлау және дзюдо бойынша жүлдеге таласады.

Жарыстың ашылу салтанатында Қазақстан туын 2013 жылғы сурдлимпиада чемпионы Ғабит Есжанов (еркін күрес) ұстап шығады. Қазақстан үкіметі бұл жарыста алтын алған спортшыға 50 мың доллар сыйақы бермек. 2-6 орын алған спортшыға да ақшалай сыйақы қарастырылған.

Түркиядағы сурлимпиада 30 шілдеде аяқталады. Қазақстан 2009 жылы Тайпейде өткен сурлимпиадада бір қола, 2013 жылы Софияда (Болгария) өткен жарыста бір алтын алған. Сурдлимпиада төрт жылда бір рет ұйымдастырылады.

XS
SM
MD
LG