Accessibility links

БАҚ: Иран президентінің ағасы кепілмен қамаудан шықты


Хоссейн Ферейдун
Хоссейн Ферейдун

Иран президенті Хасан Роуханидің ағасы Хоссейн Ферейдун кепілмен қамаудан босатылды. Ол денсаулығы нашарлауына байланысты түрмеден ауруханаға жеткізілген. Бұл туралы Иран ақпарат құралдары хабарлады.

Ферейдун осыдан бірнеше күн бұрын қаржылық қылмыс жасады деген күдікпен қамауға алынған.

Хоссейн Ферейдун Иран президенті Роуханидің көмекшісі болып істеген. Хасан Роуханидің бұрынғы тегі – Ферейдун. Кейін оны Роухани деп өзгерткен. Иранның консервативтік саясаткерлері қаржы қылмыстары мен коррупцияға қатысы бар деп Роуханиді бұрыннан айыптап келеді.

XS
SM
MD
LG