Accessibility links

"Астана" чемпиондар лигасы іріктеуінің үшінші кезеңіне өтті


"Астана" футбол командасының ойыншылары.
"Астана" футбол командасының ойыншылары.

Футболдан Қазақстан чемпионы - "Астана" командасы чемпиондар лигасы іріктеу жарысының үшінші кезеңіне шықты.

Қазақстандық команда екінші айналымда латвиялық "Спартак" клубын жеңді. 18 шілде күні кешке Астанада өткен матч 1:1 есебімен тең аяқталды. Осыдан бір апта бұрын Юрмаладағы ойында 1:0 есебімен "Астана" жеңген. Қос матч қорытындысында Қазақстан чемпионы 2:1 есебімен басым түсті.

"Астана" үшінші айналымда "Легия" (Польша) - "Мариехамн" (Финляндия) арасындағы матчтың жеңімпазымен кездеседі.

"Астана" 2015-2016 жылғы маусымда чемпиондар лигасының топтық кезеңіне шығып, төрт ойында тең түсіп, екі матчта жеңілген.

XS
SM
MD
LG