Оппозициялық тұлға және БТА банктің экс-төрағасы, халықаралық іздеуде жүрген Мұхтар Әблязов Интерпол тізімінен алынып тасталды деп хабарлады ақпараттық дереккөзіне сілтеме жасап France-Presse агенттігі.
Интерпол Әблязовқа қатысты іздеудегі адамды ұстауға және экстрадициялауға рұқсат беретін қызыл белгіні де алған.
7 маусымда Алматыда сот Мұхтар Әблязовты "қылмыс жасауға оқталу", "қылмыстық қоғамдастық құру, оған басшылық жасау", "сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иеленiп алу немесе ысырап ету", "БТА банк қаржысын жымқыру және оның ізін жасыру", "банк қаржысын заңсыз пайдалану" және "өкілеттіктерін теріс пайдалану" баптары бойынша кінәлі деп танып, сыртынан 20 жылға соттады. Үкім бойынша, Әблязовтың дүние-мүлкі тәркіленіп, банкте кәсіби қызмет атқару құқығынан 3 жылға айырылады және 300 айлық есептік көрсеткіш (680 700 теңге) көлемінде айыппұл салынады.
Францияда 2013 жылдың жазынан бері үш жылдан аса уақыт қамауда болған Мұхтар Әблязов 2016 жылы 9 желтоқсанда бостандыққа шыққан. Ол тағылған айыптарды мойындамайды және өзіне қарсы істің саяси астары бар деп таниды.
Мұхтар Әблязовтың Азаттыққа берген сұхбаты