Accessibility links

ШҚО-дағы дауылда жарақат алған зейнеткер қайтыс болды


Шығыс Қазақстан облысының картасы.
Шығыс Қазақстан облысының картасы.

Өскемендегі дауылда зардап шеккен 82 жастағы зейнеткер Шеряздан Исанов көз жұмды. Бұл туралы Tengrinews.kz ақпарат агенттігі хабарлады. Дәрігерлердің айтуынша, Исановтың қабырғалары сынған және қан жоғалтқан.

Еңбек ардагері 17 шілдеде Шығыс Қазақстан облысында болған қатты дауыл кезінде жарақат алған. Оған ауруханада жедел операция жасалған.

Желден бес адам зардап шеккені хабарланған. Дауылдың салдарынан ғимараттар мен автокөліктерге зақым келген. Өскеменде жарнамалық билбордтар, автобус аялдамалары қираған. Желдің жылдамдығы секундына 35 метрге дейін жетті.

XS
SM
MD
LG