Accessibility links

Иран АҚШ-ты "жағдайды ушықтырмақ" деп айыптады


Иранның сыртқы істер министрі Мохаммад Жавад Зариф. Берлин, 27 маусым 2017 жыл.
Иранның сыртқы істер министрі Мохаммад Жавад Зариф. Берлин, 27 маусым 2017 жыл.

Иранның сыртқы істер министрі Мохаммад Жавад Зариф АҚШ президенті Дональд Трамптың әкімшілігін "жаңа санкциялармен жағдайды ушықтырмақ болды" деп айыптады. Зарифтың айтуынша, Иран 2015 жылғы ядролық қару келісімін сақтап отыр.

18 шілдеде АҚШ президент әкімшілігі ирандық баллистикалық ракета жасау бағдарламасына қатысы бар деп 18 жеке тұлға мен ұйымға санкция жариялаған. Ақ үйдің пайымдауынша, Иран келісімнің техникалық тұстарын сақтағанымен, ракеталарын сынап, келісімнің "рухын" бұзған.

Иранның сыртқы істер министрі америкалық CBS телеарнасына берген сұхбатында жаңа санкцияларды "заңсыз және келісімнің рухына қарсы" деді.

XS
SM
MD
LG